Балалар «Жас Ұланға» қабылданды

image.png

Шардара ауданының білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде 25- қазан «Республика күні» ұлттық мереке қарсаңында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына, қабылдау іс- шарасы өткізілді. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Салтанатты жиынды ұйымдастыруға Тәлімгерлер және өзін-өзі басқару ұйымы мектеп президенті атсалысты. Мектепшілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларымызға төс белгі тағуына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.Садиярова  Ұйымдастырушы педагог Е.Налыбаев  және мектептегі өзін - өзі басқару ұйымының президенті Н.Тасыбек  қатысты. Директордың орынбасары М.Садиярова  оқушыларды құттықтап, жақсы оқуға, тәртіпті болуға, еліміздің жақсы азаматтары болып өсуіне жылы лебізін білдірді. Өткізілген іс- шара нәтижесі жоғарғы деңгейде өткізілді.  Оқушылардың егемен елдің ұрпақтары болғандарына мақтаныш, қуаныш, алғыстары патриоттық ән-шашуларынан, терең ойлы қойылымдарынан көрініс тапты.   Сондай-ақ іс шара барысында мұғалімдер оқушыларға Отанымыздың тарихы туралы мол мағлұматтар берді. Әңгімелер слайдтармен де, бейнероликтермен де, тақырып бойынша презентациялармен де сүйемелденді. Оқушылар Қазақстан Республикасының құрылуы, Тәуелсіздік алуы, елорданың Астанаға көшуі сияқты маңызды оқиғалар жайлы ой бөлісіп, еліміздің көрікті жерлері жайлы да сөз қозғады. Сондай-ақ, оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтар қарастырылды. 

Еске сала кетейік,  1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет  Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Республика күні қайта мерекелер тізіміне қосылып,  25 қазан-Республика күні ерекше қуанышпен, сағынышпен, еліне жеріне деген патриоттық сезіммен тойлануда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер