Шардаралық оқушылар Республика күнін кең көлемде атап өтті

image.png

Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 13 жылдан кейін қайта жаңғырған мерекені қазақстандықтар ерекше ықыласпен атап ө туде. Әсіресе мектеп оқушылары үшін бұл мереке патриоттықтың белгісі іспетті. Сондықтан еліміздің білім ордаларында түрлі патриоттық, ақпараттық іс-шаралар өтуде. Аталған күнді шардаралық оқушылар да атаусыз қалдырмады. Аудандық білім бөліміне қарасты "Сырдария жалпы білім беретін мектебінде"  мереке аясында жас ұрпақты Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 4"Б" сыныбының жетекшісі Қ.Балғынбаева және 6"Б" сыныбының жетекшісі  У.Жүнісова " Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем" тақырыбындағы тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Ал  «№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінде"  ұлттық мереке қарсаңында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады және мектеп тәлімгерлері Д.Байтасова мен Ж.Ермешованың ұйымдастыруымен  мектептің үздік оқушылары "Жас қыран" ұйымына қабылданды.

Ұйымның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық,білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Сонымен қатар "Ұзын-ата жалпы білім беретін мектебінде"  «РЕСПУБЛИКАМ-АМАНАТЫ БАБАМНЫҢ» атты патриоттық мазмұнды ролик ұйымдастырылды. Үйірме жетекшілері: Бердалиев М, Шойбекова Н. Бейнероликтің мақсаты әрине оқушыларды туған жерін,елін,Отанын сүюге қорғанға,сақтауға ,құрметтеуге тәрбиелеу. Аталған білім ошағында сондай-ақ   үйірме жетекшілері: Н.Қалдаров , Б.Сембаев , Н. Досанов, М. Анашбеков "Спорт - біздің серігіміз!"атты спорттық ойындарын өткізді. 

Ал  С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ҚББП Б.Нуридиннің ұйымдастырумен "Балдәурен" би үйірмесінің жетекшісі К.Жақыпова және дебат үйірме жетекшісі Б.Өтегенов үйірме мүшелерімен " Менің елім,менің жүрегім" атты флешмоб өткізсе, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2"Ә"сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Бану Рысбекова 

"Менің- Отаным Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сынып оқушылары мереке күніне арнап ел,жер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, іс -шараға белсене қатысты .Тәрбие сағаттың мақсаты:Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру,жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып Отанға деген сезімін ояту көзделді.

Және де  «Достық» жалпы білім беретін мектебінде мерекеге  орай «Сұңқар» дебат үйірме жетекшісі Т.Шораеваның ұйымдастыруымен 10 "А" ,10 "Ә" сынып оқушылары арасында «Жастарда патриоттық рух бар ма» ? 

тақырыбында дебат (пікірсайыс) өткізілді.  Ойын барысында; спикерлер тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салып,ашық ,нақты жеткізе білді. Пікірсайыста дебат клуб мүшелері «Ақиқат» және «Парасат» топтары болып өнер көрсетті. Сайыс қорытындысында «Парасат» тобы жеңіске жетті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін дамыту , жан-жақты ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың бойында Қазақстандық патриотизм мен сүйіспеншілікті нығайту.

Мұндай дебат   С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде де өтті.  "Саттардың ұландары" дебат клубының жетекшісі Б.Өтегенов " Ұшқыр ой алаңы" атты дебаттық сайысын өткізді. Ойынға қонаққа аудандық ЮПТ-ның инспекторы Ш.Ибрагимов келіп оқушыларға сәттілік тілеп, Республика күні мен құттықтады. Ойынға 6-7-8 сынып оқушылары қатысып ойын тартысты өтті. Дебатта қарсы екі топ оппазиция және үкімет болып бөлінді. Оқушылар пікірлерін түрлі дәлелдермен көрсетіп отырды. Сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, 1 орынды 7 сынып,  2 орынды 6 сынып, 3 орынды 8 сынып дебатшылары иеленді.

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.  1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер