Шардара қаласы білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Рауан» өзін-өзі басқару ұйымының және Қамқорлық фракциясының оқушылары «Жан жылуын сыйла» акциясымен қарттарымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтады. Қазақстанда жыл сайын қарттар күні атап өтіледі. Қарттар күнін атап өтудің мақсаты: қарттардың түрлі мәселелеріне, қоғамның назарын аудару, қоғамның демографиялық қартаю мәселелері, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым -қатынас өзгерту мәселелерінен халықтың хабарлығын арттыру.«Мемлекеттің болашағы – жастар, ел ертеңіне келешек кепіл» деген бағытта жүргізіліп келеді. Мектептің қамқорлық фракциясының 9 «А» сынып оқушылары қарттарымыздың үйіне барып құттықтап, үй шаруаларына көмек көрсетті. Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек.
Халық педагогикасы — қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан, баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.
Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты-ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу.
Бұгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие-қазақ азаматының мінезін қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты тәрбиелеу.
Тәрбиенің түпкі мақсаты-шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз-кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі «Ел салтанатымен танылады, ұрпағымен жалғасады». Міне, осы тұрғыда қазақ даналығы-тәрбие көзі деуге болады.
Қайырымдылық-адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық кісінің адамға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым- қатынасын білдіреді. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың белгісі ( көрінісі).