Түркістан облысының білім басқармасының «Шардара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинеттің химия және биология пәндеріне арналған 2023-2024 оқу жылына арналған жоспары негізінде қазан-қаңтар айлары аралығында «Оқушыларды химия және биология пән олимпиадасына дайындау» әдістемелік аймақтық оқыту практикалық семинар сабағына көрсетілген 1-аймақ бойынша «М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі , №12 мектеп, Шардара» мектеп-лицейі, Б.Соқпақбаев атындағы мектеп, «Жаушықұм» мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы НББМ химия және биология пәндерін таңдаған оқушылармен практикалық сабақ жүргізілді.
Атап айтар болсақ, аталған білім ордасында аудандық білім бөлімінің әдіскері Динара Надирбаеваның басшылығымен, Гулназым ӨтемҰратованың ұйымдастыруымен «Шардара» мектеп-лицейінен Еркін Сауле «Қоспаларға арналған сандық есептер» деген тақырыпта, №12 мекептен Гаухар Батырымбетова «Жасушаның шығу тарихы және құрылысы» тақырыбында, Б.Соқпақбаев атындағы білім ошағынан Мадина Митанова «ДНҚ,РНҚ-ның құрылымы мен қызметі» тақырыбында әріптестеріміздің олимпиадаға дайындық бойынша сабақтарының өтуі оқушыларымыздың тек қана сабақта емес өмірмен ұштастыра отырып, логикалық ойлау дағдыларын одан сайын кеңейтті. Жалпы сабақтар жоғары деңгейде өтті. Іс шара қызықты өтіп оқушыларымыз мұғалімдерімізге шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.