Жаңа мамандықтар - өмір талабы

image.png

Шардарадағы  "Сырдария" жалпы орта мектебінде бағдарлы сынып оқушыларының қызығушылық бағытын, икемділігін, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін шыңдау және "Жаңа мамандықтар - өмір талабы" ақпарат, кеңес /өзгермелі уақыт талабына бейімдеу мақсатында  8 б сыныбында "Салауатты Қазақстанда - дені сау ұрпақ!" атты іс - шара өтті.  Шараны  бейіндік оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Бақтыгүл Бектасова, сынып жетекші Зухра Мәмлеева  және дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастырды. 

Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Міне, шара барасында оқушылар осындай ақпараттарға қанық бола отырып, түрлі ойындарға қатысып әрі денелерін шынықтырды.  

Аса зор ықыласпен қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер