Оқушылар «Өнегелі өмірді» баяндады

image.png

Шардара ауданындағы "М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте" «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша жасаған 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Ұстаз! Сіздің алдыңызда» атты сынып сағаты өтті. Ия, расында  мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Сынып сағаты барысында оқушылар ұстаздарға деген құрметін блдіріп, асыл мамандықтың қадірін ұғынды. 

Сондай-ақ аталған білім ордасында  «Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы аясында «Отбасылық дәстүрлер» аясында сынып сағаттары да өтті.   «Отбасылық дәстүрлер — бұл отбасында қабылданған ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір нормалар,әдеп, әдет-ғұрыптар мен көзқарастар». Бұл болашақта балалар өз отбасына алып барып, өз балаларына жеткізетін үйреншікті әдет-ғұрып. Отбасылық дәстүрлер адамдарға не береді?  Олар баланың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Өйткені, дәстүрлер белгілі бір әрекеттердің қайталануына негізделеді, демек, тұрақтылықты білдіреді. Балақай үшін осындай, болжауға мүмкін нәрселер өте маңызды, осының арқасында ол үлкен түсініксіз әлемнен қорқуын қояды. Бәрі тұрақты және ата-анасы жанында болса, неден қорықсын? Оған қоса, дәстүрлер балаларға қатал тәрбиелеушіден бөлек, ата-аналарды бірге көңілді уақыт өткізуге болатын дос ретінде көруге үйретеді. Ересектер көзінде отбасылық дәстүрлер туыстары арасындағы бірлік сезімін нығайтады, оларды жақындатады, сезімдерін күшейтеді. Бұл отбасының мәдени дамуына септігін тигізеді. Жанұя жай ғана жеке «мен»-дердің жиынтығы емес, елдің мәдени мұрасына үлес қосатын, қоғамның толыққанды бір ұяшығы ретінде қалыптасады.

Сонымен қатар «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы бойынша «Өнегелі өмір» тақырыбында 10-11 сыныптар эссе жазды. Сабақ оқушылардың әскери-тарихи оқиғаларға деген қызығушылығы мен көзқарасын кеңейтуге бағытталған. Ежелгі данышпандардың бірі батылдық дегеніміз – қайғы-қасіреттің не  екенін ажырата білу. Бұл сіздің отбасыңызға, достарыңызға, жақындарыңызға, қалаңызға және еліңізге қауіп төндірген уақытта әр адам өзінің батылдығын көрсетеді. Оқушыларымыз барлық жағынан батылдық танытатындықтарына және біздің еліміздің мақтанышы болатындарына сенеміз. 

Кейіннен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында "Жас сарбаз" клубының мүшелері Шардара ауданы бойынша «Ел тірегі» Әскерге шақырылушыларды Қарулы Күштер қатарына салтанатты шығарып салу жиынына қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер