Мектеп парламенті – белсенді оқушылар келбеті

image.png

Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына мектеп Парламенті  түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.

 Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте 25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында мектеп тәлімгері Бұхарбай Арайдың жетекшілігімен өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша "Мектеп парламенті" құрылды.

"Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару органының көшбасшылығын сайлау 23 қазан күні мектеп оқушыларының дауыс беруі арқылы өткізілді. 

16-17 қазан күндері аралығында мектеп оқушылары арасында "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланған болатын. Дауыс беру талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі қатаң қадағаланды.

"Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып 9 "Ә" сынып оқушысы Абдырхан Досымжан тағайындалды.

Айта кетейік, Мектеп парламенті бұл-оқушылардың  өз еріктерімен біріккен ұйымы, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсенді түрде атсалысып, мектепті жарқыратып көрсетеді.э

Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, мектеп өміріне жәйан-жәй қарамайтын, өзін-өзі басқару ұйымы арқылы жұмыстарды іске асыратын, өздерінің комуникативті жіне ұйымдастыру шеберліктерін шыңдайды.

Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, олар мектеп өміріндегі мәселелер мен ағымындағы істерге бей-жәй қарамайды. Бұндай істерге шығармашыл көзбен қарайды. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға белсене араласады.

 Парламент шығармашылығы өзінің бекітілген ережесі негізінде мектеп әкішілігі мен тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Мектеп парламенті оқушылардың өкілетті ұйымы болып саналады. Сонымен қатар алдына мына бағыттағы міндеттерді қояды:

- Мектеп ортасында өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;

- Азаматтық айқын көзқарас танытуға, адамгершілік қасиеті жоғары ұстауға, оқушылардың рухани мәдениетін көтеруге тәрбиелеу;

- Білім алу кезінде мектеп парламенті оқушылардың қызығушылығын арттыруды жүзеге асырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер