Шәкірттер мамандармен сұхбаттасты

image.png

Шардара аудандық, білім бөліміне қарасты «Қазақстан жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің кәсіби бағдар беру педагогы А. Бегалиеваның жоспарына сәйкес 9 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған Алатау батыр ауылдық округ әкімі Ақжаров Мейірбек Халиуллаұлымен сұхбат жүргіздік. Бұл кездесудің мақсаты, мамандық таңдау кезінде окушыларға бағыт-бағдар беру. Адам өмірінде мамандық таңдау алатын орны, маңызы туралы түсінік беру.

Ауылдың әкімі Ақжаров Мейірбек окушыларға өзінің мамандығы жайлы және әкімшілік қызметкерлерімен және қандай қызмет атқарып отырғандарымен таныстырып өтті. Ауылға қандай маман тапшы болашақта қандай кәсіп иелері керек екенін түсіндірді. Оқушылар іс баскарушы Жанұзақ Лесов, есепші Асылбек Бигелов, кәсіпкерлік және мал шаруашылық бас маманы Алмасбай Жанузаков,  коммуналдық кызметкері  Мейірхан Алишерұлы , міне осы мамандарымен ой бөлісіп пікір алмасты. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт.

Ол үшін өзінің мамандығына деген, ісіне деген сүйіспеншілігі болуы керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жаткан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы ұнайтын ұнамайтыны, қалай түскендері, жұмыстарының қызықты жақтарын айтып өтті. Окушылармен өте қызықты сұхбат өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер