Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі күзгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқу-ағарту министрлігінің "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Өлкетану" үйірме жетекшісі Жұмағұлова Меруерт 6-сынып оқушыларымен Аудандық мұражайға саяхат жасады.
Мұражайда оқушылар әкелер мектебінің төрағасы, ардагер ұстаз, құрметті ақын Нұрғали Ыбрайыммен кездесіп, сұхбат алды.
Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы жайлы түсінік беру; оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Сонымен қатар аудандағы №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінде оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағым Гаухар Жұмабайқызының ұйымдастыруымен іс - шара жоспары түзіліп, жоспарға сәйкес А.Сүгіралиева 3 - сынып білім алушылары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысын өткізті.
Сайыс 6 кезең бойынша жүргізілді: ой жүгірту, көсемдікке ұмтылу, ғажайып сурет, шешімін тап, полиглот және соңғы кезең кім тапқыр?
Сайыс барысында өз білімімен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
I орын: 3 "Ә" сынып білім алушысы Асан Нұркен, сынып жетекшісі Т.Ақбердиева.
ІІ орын: 3 "Д" сынып білім алушысы Маджан Елдос, сынып жетекшісі А.Сүгіралиева.
ІІІ орын: 3 "Б" сынып білім алушысы Рысхан Інжу, сынып жетекшісі Ұ.Әзбергенова.
Сайыстың мақсаты балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді жан - жақты білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.