Ұрпағымызды саналы, салауатты, дені сау, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес.
Иә, бүгінгі жастар, оқушылар ертең елдің болашағы, мемлекеттің тұтқасы болады. Сондықтан ұрпақтың қамын ойлау – бүкіл қауымға ортақ парыз. Бала өсіру, оны өнер-білімге, адамгершілікке тәрбиелеу ата-анамен ұстаздардың міндеті. Қай ата-анада баласын жаман болсын демейді.Барлық ата-ана "балам бақытты болып, елімнің қалаулы азаматы болса екен" деп армандайды. Сол адал тілегіне жетіп, ұл-қызының болашағы кемел болуы үшін барын салады. Білімді болсын деп олардың оқуынан қолындағысын аяп қалмайды. Міне, осы кезекте әрбір әке мен ананың көңіліндегі сәулені жалғап, балаларын білім нәрімен сусындату ұстаздардың міндеті. Педагогтар тек біліммен ғана жетілдіріп қоймай, тәрбиенің де тереңдігіне аса мән береді. Бұғанасы қатпаған, дүниетанымы әлі де болса даму үстіндегі оқушыларды барынша адалдыққа, татулыққа, Отанды, ата-ананы сүюге баулиды. Бірақ мына бір жағдайды естен шығармаған жөн. Мектеп бала тәрбиесіне, оның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ғана жауап бере алады. Ал бірінші кезекте тәрбие мен тәртіптің түпқазығы отбасынан бастау алады. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бекер айтылмаған ғой.
Жас өскін талды қалай қарай исең, солай өседі.Әу баста түзу бағыт нұсқасаңыз, сіз отырғызған шыбық та ертеңгі күні жемісін береді. Өйткені не ексең соны орасың.
Осы ретте бала тәрбиесіне байыпты қарау керектігі әрбір ата-ананың жадында жаңғырып тұруы тиіс.Өмірге сәби әкелгесін, оның болашағын ойлау ләзім. Өмірге деген көзқарасын, келешекте қалай болмағын күні бұрын құнттаған жөн. Сонда ғана бала есейе келе шаңырағында көрген-білгенін қайталай бастайды.«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тәрбиелеген ұлтпыз ғой.
Осы мақстатта Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінде оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есімхан Нұрсұлу Пердеханқызының ұйымдастыруымен іс - шара жоспары түзіліп, жоспарға сәйкес педагог - психолог О.Залова ата - аналардың қатысуымен "Балам үйде, қылығы түзде" тақырып аясында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Мектеппен тығыз қарым - қатынас орната білу керек екендігін түсіндіру.
Дөңгелек үстел "Танысу" психологиялық жаттығуынан басталды. Танысу бапысында ата - аналар баласының жақсы мінезіне, қылығына атын қосып, өздерін таныстырып өтті. Мысалы: Мен сүйкімді Еркеназдың анасы Гүлмирамен т.с. өмірде кездесетін балаға қатысты түрлі ситуациялық жағдайларды шешу жолдарымен бөлісіп, талқылады. "Гүлдің оянуы" жаттығуында ата - аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой - пікірлерін айтты. Дөңгелек үстел барысында жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын жан - жақты талқылап, ата - аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе екенін, бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретінін айтып өтті.