ІІІ ЫБЫРАЙ жазулары байқауы өтті

image.png

Шардара аудынына қарасты А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудан мұғалімдері арасында ІІІ ЫБЫРАЙ жазулары байқауы өтті. Негізгі мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру, рухани асыл-мұраларын насихаттау, жазушының шығармалары арқылы қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру. Ең алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы Ыбырай Алтынсаринның тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру бойынша өткізілген байқау 3 номинацияны қамтыды. 

- «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» Ыбырай Алтынсариннің мәдениет, әдебиет, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен мақалалары, шығармашылығы жайлы мақала жазу; 

- «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым» - хат жазу байқауы. Қатысушы болашақтағы білім әлемнің қандай болуын жазуы тиіс. 

- «Қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады...» - аударма жұмысы. Бұл бағытта педагогтер Ы.Алтынсаринның шағын әңгімелері негізінде дайындалған тапсырмаларды бір тілден екінші тілге аударуы тиіс.

Байқауға 4 бағыттан жалпы білім беру ұйымдарынан 52 педагог қатысты. Ал облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдері: №1.М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Насрединова Фарида, Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халикова Лайла, «Ақалтын» атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Мажинбекова Нургүль, «Шардара» мектеп-лицейінің ағылшын пәні мұғалімі Асабаева Гүлжайнар.

Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдеріне сәттілік тілейміз!

 Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға  болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әрі анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл ілгері бастырып сөйлесе», - деп соңынан еріп келе жатқан ұстаздарға үлкен үміт артты. ХХІ ғасырдың ұстаздары ана тілімізге бөтен тіл араластырмай, ілгері бастырып дамытушы екенімізді әр кез естен шығармай, Ыбырай жазуларын жаңғырта түсетін тұлға болуымыз керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер