«Жаһандық құзыреттілік» пәні мұғалімдеріне арналған кездесу өтті

image.png

Сауран ауданында елге танымал дінтанушы, ғалым Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен білім беру мекемелеріндегі «Жаһандық құзыреттілік» пәні мұғалімдеріне арналған кездесу өтті.

Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында хабардар ету және де шетелде діни білім алудың қауіпті екенін түсіндіру. Бұл кездесуге арнайы дінтанушы, ғалым Жандарбек Зікірия Заманханұлы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, аға оқытушы, ХҚТУ доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зеріктеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек арнайы келіп қатысты.

Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің”Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Н.Тәжібай және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің”Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан керағар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін атап өтті.Кездесу соңында теолог мамандар қатысушылар пікірін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.

Мұндай жиын Шардара аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Қызылқия ауыл округтерінде де өтті.  Мақсаты республика көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни эктремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі дінді дәріптеу. Атаулы жиынға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік қазақстан педогогикалық университеті Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы және Қазығұрт ауданының «Мұсылмандар» мешітінің наиб имамы арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер