Дарынды балалар мен жұмысты жақсарту, олардың ҚР-ның тұңғыш Президенті атындағы дербес білім беру ұйымдарына түсіп оқулары үшін кейінгі жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ жанынан «Виртуалды» және «Каникулярлы» мектептер жобасы ашылып жұмыс істеп келеді.
Шардара аудандық білім беру бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі биылғы оқу жылының басынан бастап осы жобаға қатысуда.
Жобаның мақсаты – мектептің 5-6 сынып оқушылары арасынан «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» оқығысы келетін дарынды балаларды аталған мектептерде жинақтап қашықтықтан онлайн режимінде тапсырмалар беру арқылы оқытып, дамыту.
Биылғы оқу жылында мектеп әкімшіліктерінің бастамасымен мектепте осындай мақсаттағы құрамында 6 сыныптың 15 оқушысы енгізілген виртуалды топ құрылып, қазан айының 26 жұлдызынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» қашықтықтан онлайн жүйесіндегі арнайы сабақтары жүргізіліп жатыр. Онда өтініш берген оқушылар арнайы жетекшілердің көмегімен арнайы оқу тапсырмаларын алып, орындайды. Виртуалды мектебінің тыңдаушылары болып есептелінетін бұл оқушылар, жартыжылдық қорытынды бойынша қорытынды тесттер тапсырып, жоғары балл жинағандары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жанындағы осы жобаның екінші кезеңі -«Каникулярлы мектеп» жобасына өтеді. Жобаның екінші кезеңіне өткен балалар оқушылардың қысқы демалыс кезінде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында оқып, дайындалатын болады және соның қорытындысы бойынша НЗМ-ның конкурсына басымдықпен қатысатын болады.
Бұл жоба өз кезегінде біздің мектепте балалар мен ұстаздардың және ата-аналардың қызығушылығын тудыратын балалардың өз беттерінше ізденіп, білімдерін арттыруға әсер етті.
Мектептегі виртуалды оқыту топтарының жұмыстарының нәтижесі алғашқы жылы 6-сыныптар бойынша көрініп отырса, биылғы жылы осы топта оқып жатқан 5-сынып оқушылары келесі жылы бұдан да жоғары нәтиже көрсететініне сенеміз.
Сондықтан мектеп басшылары мектептің 5-6 сынып оқушыларын «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жанынан ашылған жоба бойынша виртуалды оқыту тобына шақырады.