Жезқазған қаласында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға Қазақстанның білім беру саласынан 20 астам командадан, 70 аса оқушылар қатысты.
Нәтижесінде:
ІІ орын, күміс медаль иегері
1. Камилов Хасан – Түркістан облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы.
ІІІ орын, қола медаль иегері
2. Сейтжаппар Гүлнұр – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.
Айта кетейік, қатысушыларға арналған емтихан екі кезеңде өтті – теориялық және практикалық. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары күрделілігі жоғары есептерді шешсе, екінші кезеңде химиялық заттарды қасиеттеріне қарай анықтап, өз бетінше зертханалық жұмыстар жүргізді.
Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломдарымен және алтын медальдармен 8 жеңімпаз, II дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдармен 10 жүлдегер және III дәрежелі дипломдарымен және қола медальдармен 18 оқушы марапатталды.
Сонымен қатар, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің гранттары 3 қатысушыға табысталды.