Сауранның дарабоздары

image.png

Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ата-мұрасын жаңғыртып, өнерлі жастардың өресін биіктеткен республикалық «Дарабоз» байқауы  өтті.  «Дарабоз» өнер байқауына жүздің ішінен жүйрік шыққан, мыңның арасынан тұлпардай оза шығып, талантымен топ жарған кіл мықтылар қатысты. Бақшадағы бүлдіршіннен бастап мектептің жоғары сыныбына өткен жасөспірімдер өнерлерін ортаға салғанда, бірінен-бірі асып түсіп жатты.

Өнер додасын ұйымдастырушы — «Атадан мұра» қоғамдық қоры. Еліміздің әр аймағында тамаша талант иелері бар. Көп жағдайда, осы балалардың өнерін көпшілік көрмей, өнердің биігіне шығатын жастар шетте қалып жатады. Аталған қоғамдық қордың мүшесі, республикалық және халықаралық байқаулардың ұйымдастырушысы Ғалымжан Бекболатов: — Ұлттық өнердің маңызын айшықтау мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың жұлдызын жағу мақсатымыз,-дейді.

Әр бала өзіндік дарынымен ерекшеленгенімен, байқауда жеңімпазды анықтау керек. Үздіктердің үздігін таңдау оңай болмады, дегенмен, ең мықтылар жеңіске жетті.

Бұл дүбірлі додаға Түркістан облысының кіл мықтылары да қатысып, өз білімдерін, өнерлерін паш еткен болатын. Солардың ішінде саурандық оқушылар да бар және олар құр алақан қайтпай, жеңіспен оралды. Нақтырақ айтсақ  байқауға Сауран ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары: Мұрат Кәусар және Керімбек Арайлым қатыстып, І орын иеленді. 

 Алматы қаласында өтетін байқауға саурандық жеңімпаздар жолдама алды. Жеңімпаз оқушылардың жетекшісі: Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекболатова Эльмира.

Айта кетейік, "Атадан-Мұра" қоры балалар фестиваль- байқауларының Отанымыздағы ірі ұйымдастырушысы. 

Қор  2009 жылдан бері Қазақстан Республикасында және Халықаралық аренада (Түркия, Польша, Чехия, Грузия, Греция, РФ) фестивальдер мен байқаулар ұйымдастырып келеді. Соның ішінде, Халықаралық Н. Тілендиев атындағы "Атадан-Мұра", Р. Бағланова атындағы "Ақ сұңқарым", Қазақ радиосымен бірлесіп өткізген байқаулары, Халықаралық "Art BAYTEREK", жоғарыда аталған Республикалық "Дарабоз", "Тәуелсіздік-тұғырым", "Ақжелең" байқаулары және т.б. бар. 

«Атадан-мұра» қорының мақсаты—балалар өнерінің өрістеуі мен насихатталуына мұрындық болу. Концерттер мен дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен шеберлік сағаттары арқылы өнерлі өрендерді шыңдап, ұстаздарға тағылымды тәрбиеге жетелеу.

Көптеген жылдар бойы аталған қор фестиваль мен байқау ұймдастыру кезінде осы қалауларды ескеріп, оны үздік түрде жүзеге асыруда. "Атадан-мұра" қоры көптеген жылдар бойы оң пікірлер, жылы лебіздер жинап келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер