Түркістанда қалалық семинар өтті

image.png

Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында қалалық білім бөлімінің басшысы О.Қолдасованың қолдауымен директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді дамыту жағдайында бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

Семинар жұмысы қатысушыларды мектеп көрмесімен таныстырудан басталды. Сондай-ақ, педагогтарға мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы ұсынылып, семинарды көтеріңкі көңіл-күймен бастауға сеп болды.

Семинарды алғысөзімен ашқан білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Әметоваға мақсат басқосудың міндеттерімен таныстырып, педагогтарға сәттілік тіледі. Өз кезегінде ұстаздар 11 «в» сыныбында «Ақуыздар», 8 «в» сыныбында «Ахмет Ясауи Диуани хикмет», 9-10 сыныптарда «Тарихи таным», 7-8 сыныптарда «Баскетбол ойынының әдістері», 10 «а» сыныбында «Нарықтық тепе-теңдік», 4 «з» сыныбында «Все профессия важны, все профессии нужны» тақырыптарында әртүрлі ашық сабақтарын көрсетті. 

Семинардың қорытынды кезеңінде мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Нарымбет шығармашылық есебін берді. Семинарды қорытындылаған білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Әметова семинардың сәтті өткенін атап өтіп, тәжірибесімен бөліскен педагогтарға ризашылығын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер