Ұстаздар да шынығады

image.png

Спорт – денсаулық кепілі. Ұстаздар арасында да салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырады. Яғни, мектеп мұғалімдерінің спартакиадасы.

Түркістан қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес өткізілетін спартакиаданың алғашқы кезеңі мәреге жетті. Алғашқы кезеңде ұстаздарымыз волейбол ойнап, өзара жеңімпазды анықтады. Үш күнге созылған спорт бәсекесінің нәтижесі бойынша М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектептің педагогтары жеңімпаз атанды. ІІ орынға Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің командасы ие болса, С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияның командалары ІІІ орынға қол жеткізді.

Жарыстың жабылу салтанатында бөлімнің бас маманы Жансая Орынбасарова сөз алып, жарыстың мақсат-міндеттерін түсіндірумен қатар жеңімпаздарды құттықтап, демеушілік жасаған қалалық кәсіподақ комитетінің маманы Фархад Дадабаевпен бірге жүлдегерлерге бөлімнің марапаттарын табыс етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер