«Өнерлі ұстаз» анықталды

image.png

Мектеп мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін, шығармашылығын дамыту, озат педагогтарды анықтау арқылы ынталандырып отыру мақсатында педагогтар арасында түрлі байқаулар мен білім сайыстары ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – кәсіби біліктілігімен қатар өнерлерін ортаға салатын «Өнерлі ұстаз» байқауы.

Жуырда ғана Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен «Өнерлі ұстаз – 2023» қалалық байқауы өткен болатын. Қаламыздағы білім беру мекемелерінен 25 педагог қатысып, кәсіби білімдерін, өнерлерін таразыға салған байқауды бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызы ашып, ақ тілегін жеткізген. Байқау барысында қатысушылар «Өзін өзі таныстыру», «Педагогтың бір күні» тақырыбы аясындағы видеороликтер байқауы және «Өз өнерін көрсету» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде әріптестерінен оза шапқан Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Фариза Оразханқызы Жұманова бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алған еді. Кешегі өткен облыстық байқауда да Фариза Оразханқызы өзінің кәсіби шеберлігін облыстағы әріптестерінің алдында тағы бір рет дәлелдеп, І орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз ұстазды Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қабылдап, жеңісімен құттықтады. Болашағынан зор үміт күттіретін педагогқа кәсіби біліктігін жетілдіріп, биік белестерден көрінуіне ниеттестігін білдірді. Сондай-ақ, мектеп мерейін асырған әріптестерін Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы мен оқушылары да жоғары дәрежеде қарсы алып, сый-сияпат көрсетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер