Оқушылар кәсіптік бағдар алды

image.png

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру мәселесіне аса назар аударғанымыз жөн. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі, кешенді мәселе. Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беру мәселесі бірінші кезекте тұр, сондықтан білім саласының қызметкерлері – кәсіби бағдар берушілер, оқытушылар арнайы кәсіби бағдар беру терминдерін білулері қажет.

 Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды.

Осы орайда  Созақ ауданындағы Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында 11-сынып оқушыларымен  күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында кәсіптік бағдар беру маманы И.Садыкова мекемелерге экскурсия ұйымдастырды. "Денсаулық адам үшін баға жетпес байлық" дей келе ең бірінші Созақ аудандық ауруханасынан бастады. Оқушылар ақ халалатты абзал жандардың жұмыс барысын бақылап олардың әр пациентке қамқорлықпен қарап, барлық ем шараның жасалу жолын көріп емхана дәрігерлері мен қызметкелеріне шексіз алғыстарын білдірді. Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жалғасты. Басшылығы оқушыларды жылы шыраймен қарсы алып, оқушыларға көптеген ақпараттар берді. Қазіргі таңда мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығына маман тапшы екенін айта келе оқушыларға осы сала бағытына көп көңіл бөліп алдағы уақытты мамандық таңдауда қателеспей дұрыс шешім қабылдауына үлкен үлес қосты. Ары қарай экскурсия Өрт сөндіру бөліміне жалғасты. Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілікпен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғару болу керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Оқушыларға өрт сөндіру мамандары өрт сөндіру көлігін, өрт сөндіру кезіндегі барлық жүргізілетін жұмыстарымен таныстырып өтті. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап көріп өрт сөндіру қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер