Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асыру бойынша жиын өтті. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы басты назарға ұстап, екі компания өкілдерімен кездесті. Басқарма басшысының төрағалығымен жобаларды іске асыру бойынша талқылау өткізілді.
Жиынға басқармадағы жауапты бөлім мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен ҚР Сыбайлас жемкорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің директоры Серік Батырханұлы, Жаңбырбай Айдар Муханұлы “Азия Сервис” ЖШС-і директор орынбасары қатысты.
Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудан/қалалық білім бөлімдері Азия сервис және фаворит мамандары тестдрайвер өткізілуін тапсырды. Алдағы уақытта атылмыш пилоттық жобадағы бұлтты бухгалтерия бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіледі. Білім ұяларына барып сандық жүйенің ерекшелегі мен қателері бойынша шолу жасалынады. Мамандарға түсіндіру жұмыстары да жалғасады. Жауапты қызметкерлермен есепшілер бас қосып, жобаның оң тұстарын біріге талқылайды.
Айта кетейік, “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесі - білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.