Басқарма басшысы 30-ға жуық азаматты жеке қабылдады

image.png

Бүгін Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы кезекті азаматтық қабылдау өткізді. Басшымен өз мәселесін айтып, 30-ға жуық азамат кездесті. 

Азаматтық қабылдауға жеке мәселелері бойынша бірқатар қала және ауылдық округтерден тұрғындар келіп, жауапты мамандармен тілдесті. 

Халықтың көмек сұрап келгендегі көтерген мәселелерінің басым бөлігі: Кәмәлет жасқа толмаған балаға әлеуметтік көмек, қаржы, балабақша, кадр мен жұмыс мәселелері туралы бірқатар сауалдарын қойды. Азаматтық қабылдауға келгелгендер қатарында тың жобасын таныстырып, ұсыныс-тілек білдіргендер де бар. 

Басқарма басшысы, қоғамдық қабылдауға келген басқа да азаматтардың өтінішітерін бақылауына алып, шешілу жолдарын қарастыратындығын атап өтті.

Айта кетейік, Білім басқармасы басшының жеке қабылдауы айына 2 рет бейсенбі күндері, сағат 16:00-ден басталады. Жеке қабылдау бойынша +7 (72533) 5-94-10 нөміріне алдын ала жазылып, тіркелсеңіз болады. Жауапты хатшы кері байланыс орнатып, нақты қай күні болатынын алдын-ала ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер