Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.
Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ойәрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Міне осы қағиданы берік ұстанатын отырарлық ұстаз әрбір шәкіртінің шығармашылық қабілетін шыңдауға ат салысып жүр және бұл әдісі өз жемісін беріде. Толығырақ айтар болсақ Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Арапбай Саматтың жетекшілігімен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, шәкірттерді өндіріске қажетті технологияларды жасауға, игеруге баулу мақсатында 7 сынып оқушысы Оразбек Елнұр жарамсыз болып қалған ескі тоңазытқыштың сыртқы жәшігін пайдаланып, үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашатын инкубаторды жасап шықты.
Құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Бұл құрылғының қуаттылығы бір мезгілде 250 үй құстарының жұмыртқасынан балапан ашып шығаруға қауқарлы.
Еліміздегі құс өсіру шаруашылығын дамытуына өз үлесімізді қосу мақсатында алдағы көктем мезгілінде бөдене, қаз, тауық, үйрек т.б. үй құстарының жұмыртқасынан балапан өсіру жоспарлануда.