Бүгін Түркістан қаласындағы «Алатау» медиа орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жапонияның білім тәжірибесі: Мұғалімнің сабақты зерттеуі» тақырыбында арнайы брифинг өтті.
Спикерлер Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлембет Нұрмұхаммедұлы, Сайрам ауданы білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Нұртанова Бермаханбетқызы.
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді.
Осыған орай, І тоқсан үзілісі аралығында облыстың делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. Аталған оқыту семинары Жапонияның Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Токиодағы Оқу семинарының жұмыс жоспарына сәйкес бірінші күні делегаттар қазіргі жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты. Уаседа университетінің профессоры Юмико Оно жұмыс тобын жапон мектептеріндегі оқыту әдістемесімен таныстырды. Халықаралық семинардың екінші күнінің бағдарламасы бойынша Иокоһамада орналасқан мектеп базасында жұмыс жүргізді. Делегаттар «Lesson study» әдістемесі бойынша 3 және 6-сыныптардағы кіріктірілген оқытудағы зерттеу сабақтарына еніп, сонымен қатар жапон мұғалімдерінің зерттеу топтарының жұмысына және сабақтарына қатысты.
Облыс делегациясы жапон білім мазмұны мен білім беру әдістемесін ғана емес, әкімшілік басқару, педагогикалық ұжымдық мәдениет, педагогтың кәсіби даму құлшынысы мен траекториясы, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру, тіпті шаруашылық сұрақтарына да ізденіп, жауап алды.
Алдағы уақытта Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы мен Жапонияның Білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының арасында білім беру байланысы орнатылып, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісілді.
Жапон мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу
Бір аптаға жалғасқан семинар cоңында делегаттарға National Institute for Educational Policy Research (білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институты) білім беру саласының халықаралық сертификаты табысталды.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен орындалып жатқан білім саласындағы халықаралық іс-сапар жоғары деңгейде өтті.