Өңірдегі өзекті мәселелердің инновациялық шешімін қалай табуға болады? Қазіргі қоғамға қажетті өнімнің протипін жасау арқылы қандай ресурс алып келеміз? Осы секілді сұрақтарға бүгін түркістандық зияткерлер «NIS Hackathon» атты идеялар мен жаңа инновациялық шешімдер сайысында ізденіп, креативті ойларын ортаға салды.
Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде зияткерлер арасында «Turkistan ITHUB» - пен бірлесе отырып, мектепішілік «NIS Hackathon» ұйымдастырылды. Оқушылардың берілген тақырып бойынша қойылған міндеттерді шешу дағдыларын дамыту және ІТ индустрияға қызығушылығын арттыру мақсатында өткен хакатонда жас стартаперлер Түркістан облысындағы проблемалардың шешімін табуға тырысты.
Зияткерлер топ болып құрылып, әр команда мүшелері белгілі міндеттерді атқаруда мобильді қосымшаларды ойлап табады, бағдарламалық жасақтама жасайды, операциялық жүйелерді жетілдіреді және басқа да көптеген күрделі мәселелердің шешімін іздейді.
Айта кетейік, хакатонға қатысушылар өз жобаларын ұсынуда үздік деп танылған зерттеулерге арнайы қаржылық көлемде сыйақылар дайындалды.
І орын – 30000 тг
ІІ орын – 20000 тг
ІІІ орын – «Rizo Burger» тағамдар желісінен 10 мың тг көлемінде тамақтануға сертификат беріледі.
Аталған жүлде қорына қаладағы өндіріс орны «ZIK group» пен «Қуаныш» сауда орталығы және «Rizo Burger» тағамдар желісі демеушілік етті.
Сайыстың шешуші сәтінде, яғни 10 қараша күні зияткерлер өз идеяларын слайдқа түсіріп презентация жасауда қорғап, үздік деп танылған жобалар жүлделі орындар иеленуде, марапатталатын болады.