Түркістандық зияткерлердің жобалары үздік деп танылды

image.png

Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері жасаған ғылыми туындылары NIS желісіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде үздік деп танылды.

Барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жүзден аса оқушылары арасында түркістандық зияткерлер де қатысып, тартысты жарыстың қайнаған ортасында болды. 

Жалпы жаратылыстану-математика мен гуманитарлық-қоғамдық бағыттар бойынша жүргізілген желілік байқауға Түркістандағы NIS-тің 6 жобасы екінші кезеңге өткен болатын. Соның ішінде 3 жоба үздік деп танылып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ:

Экономика секциясы бойынша 10 «А» сыныбының оқушысы Камшат Кулымбетованың «Қазақстандағы мал жүнін өңдеу өнеркәсібінің мәселелері және оны шешу жолдары» жобасы,

9 «D» сыныбының оқушысы Назерке Амидулланың «Құрама жем өндірісі – малды азықтандыру мәселесін шешу жолы ретінде» жобасы жүлделі ІІІ орын иеленіп, зияткерлер ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қос жобаның ғылыми жетекшілері: Ашир Эльмира Асилбековна, Әшір Қажымұрат Бақдәулетұлы, Сеитбек Ержігіт Асилбекұлы,

Ал этномәдениеттану секциясы бойынша 11 «В» мен «А» сынып оқушылары Сәния Төрехан мен Ерасыл Тұрлыбектың «Ер тоқымның этнотанымдық маңызы» жобасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған жобаның ғылыми жетекшілері: Жолдасов Серік Сағатұлы, Есбалаева Роза Жумабайкызы, Махсұтов Жанғали Ғалымұлы,

Айдарбек Темірғалым Жолдасбекұлы

Барша мектеп қауымдастығы жас өнертапқыштарды республикалық додада ғылыми туындылары арқылы үздік нәтиже көрсеткені үшін мақтан тұтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер