Жетісайдағы С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектептің базасында аудан бойынша мектептердің педагог-психологтары, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен «Жасөспірімдердің тұлғалық ұстанымдарын қалыптастыру» тақырыбында аудандық психологиялық тәжірибелік семинар өткізілді. Мақсаты: Ата - аналарға бала тәрбиесінде көмек беретін ақпараттарды ұсыну. Ата-аналармен қарым-қатынасын жақсарту, олардың тұлғалық ұстанымдарын дұрыс қалыптасуына көмек беріп, қолдау көрсету. Мәдениетті, білімді азаматтарды тәрбиелеу, өзіне сенімділігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек беру. Семинарды психологиялық қызмет бойынша әдіскер Қ.Ибадуллаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Алтынбеков семинарға қатысушы педагог-психологтарды құттықтап, сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева «Зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында видеоролик көрсетіп, баяндамасын оқыды. Білім ошағының педагог-психологы Н.Илиясова «Қиянатсыз балалық шақ» тақырыбында ата –аналармен Психологиялық диагностикалық жұмыстар жүргізіп, психологиялық тренинг сабақтарын өтті. «Люшердің түрлі түсті » диагностикалық тесті, «Орнымызбен ауысамыз» жаттығуы, «Менің ішкі балам» фототерапия, «Тұзбен жұмыс» арттерапия, Би «Массаж» сергіту сәтін жүргізді. Ал мектептің педагог-психологы Г.Баймишева «Алаңсыз асыр салған балалығым» тақырыбында әкелер мен қыздарының қатысуымен психологиялық диагностикалық жұмыстар жүргізіп, психологиялық тренинг сабақтарын, ойын-жаттығуларын өтті. Әкелер мен қыздарының қатысуымен вальс билеп, әке мен қыз арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында бейнеролик көрсетілді.
«Ауызша волейбол» жаттығуы, «Қызыл жіп» әдістемесі, «Қандай кейіп» жаттығуы, «Мозайка» жаттығуы, «Тосын сый» ойын-жаттығуын жүргізді.
Тренинг соңында рефлексия беріліп, қорытындылады. Семинар соңында қатысушы әріптестермен кері байланысқа шығып, пікірлер айтылып, ұсыныстар қабылданды.