Білімнің сара жолы мектептен басталады

image.png

Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап  қойылып отыр. Өткен ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Шебер мұғалімнің оқытудағы  міндеті – оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім өз пәніне тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екеніне көз жеткізіп, саралай келе әр сабақта әр әдісті қолдану керек.

Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екені мәлім. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құштарлықты бастауыштан бастаймыз.

Осы орайда Түркістан облысы Жетісай ауданы №60 «Қызылқұм» жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында аудандық семинары өтті. 

Мақсаты: мұғалімдердің өзара тәжірбие алмасуы. Мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру. Мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру, ізденуіне ықпал жасау. Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.

Семинарға Жетісай ауданында орналасқан 74 мектептен бастауыш сынып мұғалімдері және аудандық бастауыш сынып әдіскері Ұлсерік Райханова қатысты. Тәжірбие алмасу үшін №60 «Қызылқұм» ЖББМ-нің 10 мұғалімі өз сабақтарын ұсынды. 

Семинар соңында барлық қатысушы ұстаздар мектептің АКТ залына жиналып, сабақ өткен ұстаздарға кері байланыс жасады. Сабақта қолданылған тиімді әдіс-тәсілдерді өз қоржынына алған семинар қатысушылары, барлық сабақ өткен мұғалімдердің жоғары кәсібилігін атап өтіп, аудандық білім бөлімі тарапынан марапатталуға ұсыныс жасалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер