Тәрбие саласындағы талпыныс

image.png

Ынтымақ жалпы білім беретін мектеп базасында Жетісай Ауданы Білім Бөлімінің жоспарына сәйкес "Білім ұйымдарында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары." тақырыбында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар мәселелері :

1."Біртұтас тәрбие" бағдарламасын негізге ала отырып, мектептердегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, талдау және инновациялық әдіс - тәсілдер қолдану.

2.Жаңа форматтағы қорытынды ата-аналар жиналысы.

Жетісай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Айгул Тасқызы сөз алып, құндылықтарды дәріптеу бойынща және іс - шаралар сапалылығы жайлы талдау жасады.

Жанартылған форматтағы ата-аналар жиналысы нәтижелі болғаныда келуші ата-аналармен әңгіме, пікір алмасу барысында айқын болды.

Жңартылған форматтағы жиналыс мақсаты :

-Ата-ана мен педагогтер уақытын үнемдеу.

-PTP(Ата-ана - мұғалім - оқушы) ынтымақтастығын нығайту.

-Пән мұғалімдерінің жеке оқушыға талдау жүргізуін жүйелеу.

Өскелең ұрпақ тәрбиесі - үлкен жауапкершілікті, қатал бақылауды, жүйелі қадағалауды және мейірімді жүректі талап ететін дүние. Сондықтан оқу мен тәрбие саласы бір ырғақты толқында уйлесуі қажет.

Халқымыздың дәстүрлі этно мәдениеті мен әдебиетіне, тіліне сусындап, өскен ұрпақ елдің ертеңі үшін қызмет ететін, ұлтжанды азамат болары сөзсіз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер