Қазіргі жаһандану заманында елдің экономикасының өсуі мен азаматтарының әл-ауқатының жақсаруы үшін білім, оның ішінде жоғары сапалы білім қажет екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Осыған орай, елімізде білім беру жүйесіне реформа жасалды, білім беру мазмұны жаңартылды. Білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтардың бірі жалпы білім беретін мектептерге жаңа пәндердің қосылуы болды. Аталмыш пәндер бастауыш сыныптарға да енгізілді. Бүгін сол пәндердің бірі «Жаратылыстану» бағытындағы пәндер. Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздіксіз білім берудің маңызы айтпай-ақ түсінікті. Жаратылысқа көзқарас, оны танып-білуге деген ізденіс көне заманнан-ақ адамзатты қызықтырды, оны зерттеуге мәжбүрледі. лы ойшыл Әл-Фараби өзінің бір еңбегінде «философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы» деп жазады. Демек, табиғаттың бір бөлігі болып табылатын адамзат үшін өзіне қатысты білім берудің маңызы ерекше. Жаратылыс туралы білім беру, әсіресе, қыста да, жазда да, түнде де, күндіз де табиғат төсінде, табиғатпен етене өмір сүрген Ұлы даланы мекендеген халықтың ұрпағы ретінде біздерге ерекше жақын.
Осы орайда Отырар ауданындағы «А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жауқазын» жаратылыстану бірлестігі айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Айлық іс-шараның тақырыбы: «Ғасырдың ғажап 5 ғылымы». Іс-шарада ұйымдастырылатын сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар таныстырылып, оқушыларға білім мен өнерді ұштастыра отырып, мектептегі атқарылып жатқан жұмыстарға белсене араласуға шақырды. Шара барысында жаратылыстану пәндеріне байланысты сұрақтар қойылып, көрермендермен жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекеттерін және функционалдық сауаттылық дамыту, сыныптан тыс жұмыстар белсенділігін арттыру, интернет ресурстарының көмегімен мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету. Шара соңында
бірлестік жетекшісі Ж.Сармурзаев атқарылатын жұмыс барысын түсіндірсе, мектеп директоры Ш.Усеева қорытынды сөз сөйлеп, алдағы атқарылатын істерге сәттілік тіледі.