Арыс қаласында алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің семинар-кеңесі өтті

Арыс қаласында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Оған Арыс қаласындағы барлық жалпы орта мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.

Screenshot_1.jpg

Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбековтың айтуынша, қалалық білім бөлімі мен Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің жалпыәскери жарғылары» тақырыбында аудандық семинар өткізілген.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында Отанымыздың тұтастығы мен беріктігін, бірлігі мен ынтымағын сақтау әрбір азаматтың парызы екенін үнемі айтып келеді. Отан деген ұғымнан асқан қасиет жоқ. Еліміздің әрбір азаматы Отанын, жерін, елін қорғауға міндетті. Бүгінгі үйымдастырылып отырған семинардың мақсат – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып білім сапасын арттыру, - дейді Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбеков.

Семинар-кеңес барысында Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы, подполковник Ерлан Билалов шараның мақсаты мен мәніне тоқтала келе, арнайы дәріс өткізіп, баяндама жасады. 

Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді, әдістер де тиімді қолданылды. Алғашқы әскери даярлық пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. «Миға шабуыләдісін пайдалана отырып сиқырлы сандықта жасырылған затты табу арқылы жаңа тақырып ашылды. 

Аудандағы жалпы білім беретін мектептердің әскери жетекшілері кеңес барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелері мен ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. 

Сабақ барысында әскери жетекшілер Google платформасы арқылы топтық жұмыстар және тест тапсырып жеке жұмыс орындады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақты «Kahoot» ойынымен қорытындылады. Кері байланыс QR код арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілді. Сабақ соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер