Шардара ауданында балабақша тәрбиешілерінің облыстық семинары өтті

Шардара ауданының мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерінің қатысуымен облыстық тәжірибелік семинар-кеңес өтті. Оған қатысқан облыстық білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша жауапты әдіскер Забира Кеутаеваның айтуынша, тәжірибелік семинар аудандағы үш елді мекенде орналасқан балабақшада ұйымдастырылған.

Screenshot_9.jpg

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, баланың бойындағы шығармашылық  қабілетін арттырып белсенділігін дамытуға мүмкіндік  жасап, іздемпаз, дарынды, қабілетті тұлға қалыптастыру. 

Аталған семинар ауданға қарасты Достық ауылындағы «Әсел», Қызылқұм ауылындағы «Алтын білім» және Ұзын ата ауылындағы «Ер-Дин» бөбекжай балабақшасында өткізілген болатын. Семинар «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың білім білік дағдыларын дамытуда шығармашылықпен айналысудың маңызыясында өтті.

Оған олыстық тәжірибелік семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша жауапты әдіскер Забира Кеутаева, Гүлнұр Рысқұлбекова, Шардара ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дариха Нускабаева, бөлімнің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгуль Жумабекова және МДҰ арасынан құрылған білікті әдістемелік топ және 17 ауданның балабақша  педагогтары қатысты.

Семинарда «Шебер қолдар», «Қол өнер – еңбектің қайнар көзі» атты көрме, «Әрқашан бірге жақсы көңіл күйде», «Ғажайып киіз үй», «Көңілді дәрумендер» сияқты топтық жұмыстар орындалды. 

Ерекшелігі сол, ауданды әлемге танытқан бірнеше армрестлингтен әлем чемпиондары да аталған іс-шараға қатысып, бүлдіршіндермен кездесті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер