Арыс қаласындағы білім ошақтарында «Kitaplike» жобасы іске асырылуда

Арыс қаласында Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Kitaplike» жобасы жұмыс істеуде. Мектеп басшылығының айтуынша, ол жоба оқушылардың жас ерекшелігіне қарай үш оқырман клубы құрылған. 

Screenshot_11.jpg

Атап айтсақ, «Балбұлақ» оқырман клубына 3,4,5-сынып  оқушылары тартылған. Бұл клуб мүшелері өткен айда экологияны қорғау тақырыбына арналған, аңыз әңгімелер жинағы «Экософия» кітабын оқиды. 

«Ойзерек» оқырман клубына 6,7,8-сынып оқушылары қатысуда. Бұл клубтың оқушылары қазан айында Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабын оқыса, ал 9,10,11-сынып оқушыларынан құрылған  «Бала би» оқырман клубы бұл айда Сайын Мұратбековтың  «Жабайы алма» кітабын оқып шыққан.  

- Жобаның мақсаты интеллектуалды тұлға қалыптастыру. Әрбір оқырман клубы  үш бағытта жұмыс істейді. «Ұшқыр ой» бағытында оқырмандар  оқыған шығарма бойынша өз ойларымен бөліседі, пікір алмасады, кейіпкерлерге баға береді, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, оқиғаларға, кейіпкерлерге талдау жасайды. Жетекшілер алдын ала талқылау сұрақтарын, тапсырмаларын дайындайды. Бұл бағытта қатысушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, баға беріп үйренеді, шешендік өнерге бейімделеді. «Қылқалам ұшында» - бұл бағытта оқушылар оқыған шығарма бойынша иллюстрация, сурет салады, шығарма барысында алған әсерін сурет арқылы бейнелейді. Шығармадағы оқиғаны, табиғатты, кейіпкерді қиялмен көре алуға, оны қағазға көркемдеп салуға үйренеді. Әр оқылған шығарма бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылады, - дейді клуб жетекшілері.

Ал бұдан бөлек, «Ойтамшы» бағытында оқыған шығарма бойынша оқушылар эссе, ойтолғау, өлең, рецензия, сыни шолу жазып үйренеді. Топ жетекшілері шығармада көтерілген мәселе бойынша, кейіпкер бейнесін ашуға, бүгінгі күнмен байланыстыруға арналған бірнеше арнайы тапсырмалар, тақырыптар береді. Оқушылар жас ерекшелігіне қарай жазылым тапсырмаларын орындайды. 

Сондай-ақ «Балбұлақ» тобының оқушылары өлең, ойтолғау, әңгіме, шағын эссе жазады. «Ойзерек» тобының оқушылары өлең, әдеби эссе, сыни шолу жазады. Ал ересек оқушылар, яғни «Бала би» тобы сыни шолу, рецензия, эссе жазады. Үздік жазбалар газет, журнал беттеріне жариялауға ұсынылады.

«Оқушылар осы үш бағыттың біреуіне қатыса алады, егер екі немесе үш бағытқа да қатысамын десе оған да рұқсат етіледі, ондай жағдайда көп бонус жинауына мүмкіндік бар» дейді клуб жетекшілері.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер