Сайрам ауданындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында математика пәнінен «Математикалық сауаттылық тапсырмаларындағы болжам стратегиясының тиімділігі» атты тақырыпта облыстық семинар өткен болатын.
С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясының директоры Ұ.Оразбаеваның айтуынша, семинардың басты мақсаты – білім алушылардың математикалық сауаттылықтан үздіксіз алған білімдерін өмірде пайдалану.
Оны «Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» математика пәні әдіскері Т.Усенов және Сайрам ауданы білім бөлімі математика пәнінің әдіскері А.Жайлаубаева ашып, семинардың өту барысымен таныстырып, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Семинар барысында Қазығұрт ауданы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Оразхан Жасұлан «Геометрия» пәнінен 7 сынып оқушыларымен «Сыбайлас және верикаль бұрыштар, олардың қасиеттері», ал Төлеби ауданы, Л.Тәжібаев атындағы мектептің мұғалімі Дархан Еркінбекұлы 7-сынып оқушыларымен Алгебра пәнінен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ берді.
Олардан бөлек, Түлкібас ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы Жорта мектептің мұғалімі Назым Нұржанова мен Сайрам ауданындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Д.Срайлова 7-сынып оқушыларымен Алгебра пәнінен «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ал Ордабасы ауданындағы «Зерде» мектебінің мұғалімі Закура Исаева 8-сынып оқушыларымен «5 y=√x функциясы, оның графигі және қасиеттері, Түлкібас ауданындағы И.Рыбалко атындағы мектептің мұғалімі Құралай Мамышева 8-сынып оқушыларымен «Үшбұрыштың тамаша нүктелері» атты тақырыпты жақсы алып шықты.
Сондай-ақ бұл семинарда Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт пен Төлеби аудандарындағы Ы.Алтынсарин, Б.Нұрлыбеков, А.Байтұрсынов атындағы және Алатау орта мектептерінің мұғалімдері Раушан Оразова, Эльмира Кұралбайқызы, Айтмырза Серғазым мен Ақнұр Әмзебекқызы 9-сынып оқушыларымен өздеріне бекітілген тақырыптар аясында ашық сабақ және де математика пәні мұғалімі Дилноза Абдижамилова тренинг өткізді.
«Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» математика пәні әдіскері Т.Усенов семинарға қатысқан барлық пән мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, семинарға жоғары бағасын беріп, қортындылады.