Арыс қаласында болған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бірқатар білім мекемесі мен балабақшада болып, ол нысандардық жұмыс барысымен танысқан болатын.
Білім басқармасының басшысы алдымен Ақдала ауылындағы Саттар Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде болды. Жаңа типтегі мектеп 2008 жылы пайдалануға берілген. Пайдалануға берілгеннен бері бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген мектептің жай күйімен танысты. Ғимарат қатты отынмен жылынады. Сондай-ақ, білім мекемесі арнайы күзетке қосылған. 16 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Басқармасы басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жиделі жалпы білім беретін мектебінде де болды. 1991 жылы салынған ғимарат ыңғайластырылған типте салынған. Білім ошағы қатты отынмен жылытылады. Қорда 200 тонна көмір бар. 1-4-сынып оқушыларынан 158 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Аралау барысында басқарма басшысы білім ұясының спорт залын тілге тиек етті. Ескірен спорт залын жаңарту бойынша жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Сондай-ақ басқарма басшысы осындағы «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына арнайы бұрылды. Типтік ескі ғимарат балабақша ретінде 2006 жылы пайдалануға берілген. Одан бері бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Басқарма басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін балабақшаның ескірген терезелері толықтай жаңарады. Келесі жылы жаздан бастап күрделі жөндеуден өтетін болды.
Облыстың бас ұстазы «Баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету балабақшадан басталады. Тозығы жеткен балабақшада балалар тәрбиеленбеу керек. Қауіпсіз, жайлы, таза ғимаратта бүлдіршіндеріміз тәрбие алу керек. Сондай-ақ, аталмыш бөбекжайда балалар алаңқайы да талапқа сай емес, ескірген. Жөндеу жұмыстары кезінде барлығы жаңаруы тиісә, - деп жауаптыларға нықтап тапсырма берді.
Расында да облыстың бас ұстазы балабақшаның жұмысымен танысу барысында бірқатыр олқылықтарды көрді. Типтік балабақша 1988 жылы пайдалануға берілген. 1988 жылдан бері бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Үш топтан тұратын бөбекжай үйінде 70 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимарат қатты отынмен жылытылады. Ауыз су орталықтандырылмаған. Кәріз, жылу жүйесі тозған, ішкі әжетханасында мәселе бар, есік-терезелері ескірген, Шатыр, қабырғалары,едені, бөлмелері, асханасының да тозығы жеткен. Оны да жөндеу немесе қайта салу жайын аудандық білім бөліміне қарастыруды тапсырды.