Шардара қаласында №12 мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті

Шардара қаласындағы №12 жалпы орта мектебінде «Жүркетен жүрекке» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның ұйымдастырушысы педагог-психолог Б.Өрісбаева. 

Screenshot_17.jpg

- Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана  биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі – ертеңіміздің кепілі! Осы ретте Шардара қаласындағы №12 жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстаздарының қолдауымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға аудандық Мүгедектер қауымдастығының төрағасы Қ.Ерназаров, аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б.Есбосынова, Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы С.Лаханов, №12 жалпы орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Қ.Әбдиева және де аталған мектептің үйден білім алатын (ерекше күтімді қажет ететін) оқушылары мен ата-аналар қатысты, - дейді ол.  

Жиын барысында аталған мектеп директоры Д.Тулепов ерен еңбегімен еленген бірқатар аналарды арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, балаларға сыйлықтар тарту етті.

Сондай-ақ, «Армандар орындалады» деген мақсатта әуе шарларын көкке ұшырды. Ата-аналар комитетінің төрайымы өз атынан балаларға әдейілеп әкелген сый-сияпатын ұсынды. Содан соң мәз-мейрам болған бүлдіршіндерді  «Теңіз терапиясы» әрекетімен теңізге кемемен серуенге апарды.

«Жүректен жүрекке» жеткен игі шараға ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер