Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектеп тұрғызылуда

Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың айтуынша, жоба аясында бірнеше мектеп салу жобасы дайындалған. 

Screenshot_30.jpg

- Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің жобасы әзірленген. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Жалпы Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп, 2000 орындық 2 мектеп бар екен. Осы мектептерді салу арқылы аймақта 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады. Ал биыл 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелер анықталыпты. Олар 2024 жылы пайдалануға берілетін болады. Қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады. «Ұлттық жоба» аясында облыстағы апатты 8 мектептің үшеуінің, үш ауысымға өту қаупі бар 21 мектептің 14-нің мәселесі шешіледі деседі. Дегенмен аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық, Бірінші Мамырда – 900 орындық  жаңа мектептердің жобалары ұсынылды. Келесі жылы үш мектеп пайдалануға берілсе, ал 2025 жылы бір мектептің құрылысын  аяқтау межеленіп отыр, - дейді аудан әкімі.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде құрылысы басталған нысанның жұмысымен танысып, мердігер өкілдеріне сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді. 900 орындықты білім ордасының  құрылысын мердігер «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр екен. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы. Жалпы алаңы үш гектар аумақты құрайтын мектептің  құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. 

- Қазіргі таңда  мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Мұнда қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және тағы басқа толық жабдықталатын болады. Аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы толығымен жүзеге асқан жағдайда жаңа форматтағы мектептегі оқушылардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып, білім сапасы артады деп жоспарлануда, - дейді аудан әкімі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер