Сарыағаш ауданында республикалық семинар өтті

Сарыағаш қаласында аудан, облыс және республикалық деңгейдегі семинарлар жиі ұйымдастырылып отырады. Соның бірі жақында аудандағы №4 мамандандырылған мектеп интернатында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта өтті. Республикалық семинар барысында аудандағы шағын мектептердің жайы қаралды. 

Screenshot_31.jpg

Дарын Республикалық ғылыми практикалық орталығы педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Айгүл Әкімкерейқызының айтуынша, Түркістан облыстық білім басқармасының қолдауымен №4 дарын мамандандырылған мектеп интернатында өткен семинарда шағын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюды көздейді. 

- Бүгінгі таңда облысымызда жүзден аса шалғайда жатқан шағын жинақты мектептер бар. Қала мектептері мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын жою мақсатында осыдан тура 2 жыл бұрын Сарыағаш және Келес өңірлеріндегі 7 мектеп №4 дарын мамандандырылған мектеп интернатыменен келісім-шарт түзген тұғын. Мінекей, сол сәттен бастап Сарыағаш және Келес аудандарындағы шағын жинақты мектептерде білім сапасы едәуір көтеріліп, ұстаздардың тәжірибелері артып, жаңашылдыққа бейімделуде, - дейді ол.

Сондай-ақ алқалы семинарға қатысушылар арнайы көрмелер мен, оқушылардың тыңнан түрен салып, өз қолдарымен жасаған дүниелерімен танысты. Жаңашылдыққа бет бұрған оқушылардың бірі жер сілкінісіне төтеп беретін көпқабатты тұрғын-үйлердің макетін құрастырса, енді бірі заманауи жылыжай жобасын жасап шыққан. Айгүл Әкімкерейқызы «Дарын» орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдарына ауыл мектептерін бекітіп, «КӨМЕКTІМЕЅ» тәлімгерлік жобасын жүзеге асырылуда екенін айтты. Аталған жобаның мақсаты-мектептердің білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешуде ауыл мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету.

Жоба барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің қажеттілігін айқындау үшін жоспар құрылып, міндеттер жүктелді.

Білім білгеніңмен бөлісу арқылы мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі демекші, елдің түкпір-түкіпірнен жиналған ұстаздар, бірінші күні Дарын мектебіменнен меморандумға отырған шағын жинақтар мектеп ұстаздардың сабақтарына қатысып, өз бағасын беріп, пікір алмасты. Екінші күні таныстырылым, өнер және марапаттау салтанаты болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер