Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы басталды

Сарыағаш ауданында 900 орындық мектептің құрылыс жұмысы жүргізілуде. Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп»жобасы аясында салынып жатқан нысанның құрылыс жұмысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев таныстын. Аудан басшысының айтуынша, ауданда «Жайлы мектеп» жобасы аясында  10 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 мектептің құрылыс жұмыстары жүруде.

Screenshot_32.jpg

- Биылдан бастап ауданымызда Президентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда ауданымызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Төрт мектептің құрылысы басталған еді. Соның ішінде  900 орындық бір мектеп құрылысының жұмысы Жаскешу ауылында басталып отыр, - дейді аудан басшысы. 

Ол мектепке апаратын көшелерге асфальт жолдар төселеді. Жанында автобус аялдамалары ашылады. Барлық инженерлік инфрақұрылымды да қамтылады. «Мұның бәрі жайлылық ұғымына кіреді, тиісінше осы мәселелердің барлығы жобада қарастырылады. Бір сөзбен айтсақ, ұлттық жоба 800 мың балаға арнап, жоғары стандарттарға сәйкес заманауи, жайлы мектеп салынады дегенді білдіреді. Оған өте сапалы құрылыс материалдары қолданылады. Балалар үшін тиісті жағдайлар жасалады. Қауіпсіздік жүйелері де енгізілетін болады», – деді аудан әкімі.

Аудан әкімі Жаскешу ауылында жүріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты. Айта кетсек, аталған елді мекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты  «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған аудан әкімі бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме өкіліне алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер