Келес ауданында аспазшылар бас қосты

Келес ауданында мектеп асханаларына тиісті деңгейде көңіл бөлініп келеді. Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Киясованың айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларының санитарлық талапқа сай болуы жіті тексерілуде екен. 

Screenshot_57.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі 1-4-сынып оқушыларын бір реттік ыстық тамақпен қамту тапсырылған еді. міне, Президенттің тапсырмасының орындалып жатқанына үш айдың жүзі болды. Осы ретте біз ата-аналармен, кәсіпкерлермен, мектеп басшылығымен бірлесе отырып, балаларға берілетін тағамның сапасына қатаң бақылау қойып, қадағалап келеміз. Біздің мақсатымыз – балаларға сапалы өнім жеткізіп, сапалы тамақтандырылуын қадағалау. Осы ретте мектеп аспазшыларының басын құрап семинар да өткіздік. Басты талап біреу ғана, балаларға жаңа, сапалы өнім ұсынып, тамақтандыру, - дейді Н.Киясова. 

Аспазшылардың қатысуымен өткен жиынға Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Киясова, жетекші маманы М.Тағаева  аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері шақырылған еді. 

Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы NҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидада толық көрсетілгені, тамақты дайындау барысында қатаң бақылау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандағы NҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағида талаптарының сақталуы туралы баяндама жасалды. Семинар соңында жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер