Ордабасы ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің аудандық тәжірибелік семинарлары ұйымдастырылуда. Аудан әкімдігі білім бөлімінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның айтуынша, ауданда жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша аудандық семинарлар өткізіліп, жоғары деңгейде өткізіліпті.
- Пән мұғалімдердің біліктілігі мен шеберлігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар, семинарлар өткізілуде. Жуырда С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Ол семинардың мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету; «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәжірибесімен бөлісу. Бұл семинарға білім беру ұйымдарынан математика, физика, биология пәнінің мұғалімдері қатысты, - дейді С.Реңдібаева.
Аталған мектепте пән мұғалімдер Әлия Имаш пен Аружан Шомекеева «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», ал Ақбота Досова мен Қаракөз Маханбетова «Призма, пирамида, қиық пирамида тақырыптарына практикалық тапсырмалар орындау» атты тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Ақылды үй» жобасын қорғады.
Бұдан бөлек, пән мұғалімдері Сауле Исабекова мен Ақшолпан Аширова «Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі» атты тақырыбта ашық сабақ өтіп, оқушылардың зерттеуімен «Ландшафты жоба» жасады. Ал Бақыткүл Медетова мен Арайлым Жамалбекова «Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу» атты тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетіп, балмұздақ жасап қонақтарды таңқалдырды. Өзге мұғалімдер болса өз пәндері бойынша шеберлік сабақтарын өтіп, тәжірибиелерімен бөлісті.
Ал бұдан бөлек, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінен «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» атты тақырыбта семинар болып өткен еді. ол семинардың ұйымдастырушысы аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Ш.Оңалбаеваның айтуынша, семинардың мақсаты – мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету. Бір атап өтерлігі, бұл пән мұғалімдерінің семинарына негізінен жас мамандар қатыстырылған.
Аталған мектептің директоры Назира Табылды тәжірибе алмасушылар мен мектеп ұстаздары және шәкірттеріне өз ыстық лебізі мен құттықтауын жеткізе отырып, сәттілік тіледі. С.Мұқанов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімдері Әлия Еримбетова 7-сыныбта, Роза Қадірбекова 8-сыныбта, Жазира Умирова 10-сыныбта, Ғаламат Керімбек 9-сыныпта, Аманжол Қойжігітов 11-сыныбының тарих және құқық пәнінен ашық сабақтар берді.
Тарих пәні мұғалімдері Әлия Еримбетова мен Роза Қадырбекова «Қалыптастырушы бағалау-білімді жетік меңгеру кепіл» тақырыбында шебер-сынып сабағын өтті. Шебер-сыныпқа қатысқан мұғалімдер қалыптастырушы бағалау туралы көптеген мәліметтермен таныс болды. Мұғалімдер өз топтарында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдарын талқылап, көрсете білді.
Қос семинарды да аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскерлері қорытындылап, оған атсалысқан мұғалімдер бөлім тарапынан марапатталды.