Келес ауданында жас ғалым ешкі сүтінінің құрамын зерттеді

Келес ауданында ғылыми жобалармен жұмыс істеп жүрген оқушылар қатары артып келеді. Бұған дейін гүл өсіріп, жүзім ағашын будандастырып, қағаздан макет және мүсін, қала берді машина жөндейтін оқушылар туралы жазған болатынбыз. Ендігі кейіпкеріміздің бірі сүтті заанен ешкісінің сүтінің құрамын зерттеп жүр екен. Ол Келес ауданындағы №60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Балнұр Мекембай. 

Screenshot_70.jpg

Жас ғалымның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Құндызай Байжигитованың айтуынша, шәкірті жас ғалым өз зерттеуін Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Рая Өміржанмен бірге жүргізген. 

- Қазақстанда сүтті ешкі өсіру енді дамып келе жатқан саланың бірі. Дегенмен бұл сала әлі толық зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі күні Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде. Жас ғалым Қапланбек агро техникалык колледжінің ветеринария бөлімінің зертханасында «Сүт анализаторы ЛАКТАН 1-4 М» мини аппаратында ана сүті мен ешкі сүтінің салыстырмалылық құрамын талдады. Талдау барысында ана сүтінің майлылық кұрамы ешкі сүтінен кем болғаны анықталды. Аталған зертханалық жұмысты жүргізуге колледждің аға оқытушы Ибрагим Аширбеков көмектесті.  Аталған аппарат арқылы ана сүті мен ешкі сүтіндегі судың, майдың және минералдар мен аминқышқылдардың құрамы анықталды, - дейді жас ғалымның жетекшісі.

Балнұр Мекембай өзінің бұл пәнге деген қызығушылығының ерте оянғанын айтады. Ол заанен ешкі сүтінің нәрестелерге ана сүті орнына беріліп жүргенін көріп, оны неге зерттемеске деген ойға келіпті. Сөйтіп ұсынысын мұғаліміне айтқан. Сойтін оның бұл зерттеумен айналысып келе жатқанына біршама уақыт болыпты.  

- Жалпы ангор ешкісінің түбіті ұзын жібектей болса, заанин ешкісі сүтті келеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие Практикалық маңызы зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтерді халқымыздың салт-дәстүрін танып білуде және әр түрлі аурулардың алдын-алуға, күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға пайдалануға болады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және басқада аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар, - дейді жас ғалым.

Жас ғалым мұнымен де тоқтап қалмақ емес, алда ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендердің ересек адамдарға қалай әсер ететіндігін де зерттегелі отыр.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер