Қазығұрт ауданында білімді, өнерлі жастар түрлі байқауларда топ жарып, аудан атын облыс, тіпті республикаға танытуда. Қазығұрт ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметінің айтуынша, облыста дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық Х «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде аудан оқушылар 6 бағыт бойынша жүлделі орыннан көрініпті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына көңіл бөле отырып, білімді жастарға жан-жақты қолдау бар екенін айтқан болатын. Сонымен қатар Президентіміз Түркістан қаласында өткен ұлттық құрылтайда да Президент «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек. Осы ретте ұйымдастырылған республикалық «Ақберен» шығармашылық өнер байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздан 8-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін көрсете алды, - дейді білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Жалпы ол байқау шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға, шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетуге бағытталған болатын. Бұл байқаудың «Шешендік, білгірлік» сайысы номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ароужан Бауыржан ІІІ-орынды иеленді.
Ал «Көркемсөз оқу» сайысында Қ.Әбдалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Арбат Әбдіқадірдың бағы жанып, ІІ-орынды қанжығалады. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» сайысында да осы мектептің 8-сынып оқушысы Сахан Ибрахимтың жұлдызы жанып, І- орынды айқын басымдықпен жеңіп алды.
Өнері жастар мұнымен де тоқтап қалмады. Бұл өнер мен білім сайысының «Ақындар айтысы» сайысында Жаңатірлік жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аян Қуаныш облыстық байқауда бас жүлдені иеленді. Сөйтіп республикаға жолдама алды. ал ақындар мүшайрасы сайысы бойынша Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ұлжалғас Ахан ІІІ-орыннан көрінді.
Осылайша Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары өнер мен білім бәйгесінде топ жарып, аудан мәртебесін арттырған.