Қазығұрт ауданында мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер мен ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылуда. Осындай іс-шара Д.Қонаев атындағы орта мектебінде де ұйымдастырылды. Оның ұйымдастырушысы мектептің қосымша білім беру педагогының А.Нұржауова.
Оның айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар қолға алыныпты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын. Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл бөлген болатын. Осы мақсатта мектепте ұйымдастырылған іс-шара арқылы балалардың сауатын арттыруды және отбасында орын алатын зорлық-зомблықтың жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз, - дейді А.Нұржауова.
Оның айтуынша «Зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» атты тақырыбта өткен дөңгелек үстелге 4-сынып оқушылары қатысқан. Еліміздегі әрбір отбасы шағын мемлекет. Оның дамуы, мемлекетті құраушы сапалы адами капиталды құрауы отбасындағы ынтымақ пен берекеге тікелей байланысты. Яғни, ынтымағы жарасқан отбасының жетер жетістігі де, мемлекеттің дамуына қосар үлесі де мол болмақ.
Тақырып аясында оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында сөз қозғады. Мектеп басшылығының айтуынша, мектепте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында бұдан бөлек, «Қатыгез еріксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық ақпараттық акциясы өткізілуде екен. Бұл іс-шара аясында да мектеп оқушылары тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы жас ерекшеліктеріне қарай мәлімет беріліп, өзара пікір алысты.
Сонымен қатар, бұл акцияның алдында аудандық білім бөлімінің бастамасымен өңірдегі барлық мектептерде 7-11-сынып оқушылары арасында «Құқықбұзушылық және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбымен кездесулер өткен болатын. Мектепте өткен ол іс-шараға аудан прокуроры Қ.Базарбаев және аудандық прокуратураның прокуорлары З.Жорабаев пен Д.Жүсіп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының психологтары М.Турымбет, Ж.Сманова, аудандық полицияның жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторлары Б.Қуанышев, Т.Нұрбеков, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскерлері Б.Орынбаев, Л.Пардабаева қатысып, тақырыптық баяндамаларын оқыды.
Осы және барлық білім ошақтарында өткен кездесулердің соңы нашақорлықтың алдын алу және олардың зардабы туралы 3-4 минуттық ролик көрсетілді. Сондай-ақ, мектептегі медбикелер тарапынан да нашақорлық пен темекінің оның ішінде бір-реттік электронды темекінің зияны туралы лекциялар мен баяндамалары арқылы 7-11-сынып оқушыларына түсіндірді. Онкүндік барысында ата-аналар жиыналыстарына оқушының тәрбтібі туралы мәселе қойылып, оның ішінде пен темекінің оның ішінде бір-реттік электронды темекінің зияны туралы айтылып, ескертілді.