Ордабасы ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті

Ордабасы ауданында пән мұғалімдерінің білімін жетілдіріп отыру жақсы үрдіске айналған. Осы дәстүрді жалғастырып келе жатқан аудандық білім бөлімі тарапынан жуырда орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары өтті. 

Screenshot_48.jpg

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Есімханованың айтуынша, ауданда білім басқаруымен бірлесе отырып орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің арасында екі жылда бес жоба жүзеге асырылыпты. Атап айтсақ, «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Авторлық бағдарлама», «Оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары», «ҚМЖ құрастыру» және «Оқу мақсаттарын жүзеге асыру» атты жобалар. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады. Мемлекет басшысы Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек» дейді Президент. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігі мен білімін шыңдауда, шеберлігін арттыруда ұйымдастырылып отырған семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өз нәтижесін беруде, - дейді Райхан Есімханова. 

Оның айтуынша, өткен аптада Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өткен облыстық семинарда ауданның алдыңғы қатарлы мұғалімдері шебер-сыныптар өтіп, облыс педагогтерімен сабақта оқу мақсаттарына қол жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектепте ұйымдастырылған әдістемелік көрмеде жобалық қызметтің нәтижелерінің куәгері болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер