Қазығұрт ауданында тәрбиешілер білім сайына түсіп шеберліктерін арттырды

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру мақсатында аудандық деңгейді түрлі семинарлар мен байқаулар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 

Screenshot_8.jpg

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркеповтың айтуынша, жуырда  О.Жандосов атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе  шеберханасы» атты тақырыбта аудандық форум өткізіліпті. 

Оған бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық тобының тәрбиешілері қатысқан. Е.Есиркеповтың айтуынша, ол форумның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог  әлеуетін дамыту екен. 

- Форумға қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрмесі көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімдері жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыбында  баяндама жасады. Біздің бұл форумда көздегеніміз, мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілердің кәсіптік деңгейін, шығармашылығын дамыту, озат педагогтарды анықтау арқылы ынталандырып отыру мақсатында педагогтар арасында түрлі байқаулар мен білім сайыстарға дайындау болатын. Біз сол межеге жеттік. Форум соңында  «Ұстаз – ұлы есім» атты облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапаттадық, - дейді Е.Есиркепов. 

Бұдан бөлек, «Кәусар» бөбекжай-балабақшасы» базасында  мектепке дейінгі ұйымдарда  «Үздік тәрбиеші – 2023» байқауы өтті. Аудандық деңгейде ұйымдастырылған байқауда қатысушыларға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Р.Оразбаева  және «Кәусар» бала-бақшасының меңгерушісі Г.Қопабаева өз ізгі тілектерін жеткізіп, сәттілік тіледі. 

Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіруді, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайтуды, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасуды көздеген байқау барысында қатысушылар өз білім-білігімен көзге түсті. 

Байқау қорытындысымен Бас жүлде «Қуанкүл ана» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Айтолқын Ахмет иеленді. Басқа балабақша тәрбиешілері де жүлдесіз қалмады. Барлығы да білім бөлімі тарапынан дайындалған марапат пен сыйлыққа ие болды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер