Қазығұрт ауданындағы К Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебінің базасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған аудандағы білім ордаларынан 8-11-сыныпта оқитын 91 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Олар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жырларын мәнеріне келтіре орындады.
Байқау «Махамбет күйлерін орындау», «Махамбет шығармаларын жаттау», «Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу», «Өз шығармашылығы» және «Хандар мен ел билеушілер, батырлар тақырыптарын қорғау» атты 5 номинация бойынша ұйымдастырылды.
Аудандық байқауда «Махамбет күйлерін орынду» номинациясын Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұралы Әлібек жеңіп алып, бас жүлдені қанжығалады. Ал Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жантөре Бегімбетов ақынның өлеңдерін жатқа оқуда көзге түсіп, бас жүлдені иеленді.
Ақын шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салуда Ащыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Балсезім Керімкулованың бағы жанды. Ол салған жоғары жүлдеге лайық деп танылып, оның жұмысына бас жүлде берілді..
Өз шығармашылығы номинациясында Жаңатірлік жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аян Қуаныш бас жүлдені дарындылығымен иеленді. «Хандар мен ел билеушілер, батырлар тақырыптарын қорғау» номинациясы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұрила Әбдіқаппар бас жүлдені иеленді. Сөйтіп жоғарыда талалған облыстық байқауға жолдама алды.