Қазығұрт ауданында жас мамандарға семинар барысында бағыт-бағдар берілді

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, Е.Тасанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жас мамандарға сапаны жақсартудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта информатика пәнінің мұғалімдеріне аудандық семинар ұйымдастырылған болатын. Аудандық білім бөлімі әдіскері Ж.Анарбаеваның айтуынша, семинардың басты мақсаты – жас мамандардың педагогикалық және кәсіби біліктілігін арттыру. 

Screenshot_10.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына жақсы көңіл бөлініп отырғанын айтты. Бүгінгі таңда мұғалімдердің жалақысы жылсанап көбеюде. Сонымен бірге жас мамандарға да жақсы көңіл бөлініп отыр. Жуырда ауданымызда информатика пәні мұғалімдері арасында өткен семинарда жас мамандарға барынша бағыт-бағдар берілді. Біздің бұл семинарда көздегеніміз де информатика сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде қолданылатын платформаларды тиімді пайдалануды дамыту болатын. Осы тұрғыда семинар өз мақсатына жетті, - дейді Ж.Анарбаева.

Семинар барысында аудандағы білім ошақтарының мұғалімдері Д.Мауленов, А.Оразу, М.Өзен баяндама жасаса, А.Шойбек арнайы тренинг өткізді.

Ал осыдан кейін Талдыбұлақ негізгі орта мектебінде техникалық пәндер бірлестігінің кезекті семинары өтті. Техникалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Сауле Смаилова «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты тақырыбта баяндама жасады. Баяндамада бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы екені айтылды.

- Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ – бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол қазіргі таңдағы барлық мүмкүндігімізді пайдаланып баланы жан-жақты функционалдық сауаттылығы жоғары бала тәрбиелеп сабаққа қызықтыра алу керектігін айтып өтті.  

- Қос семинардың да мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, функционалдық сауаттылықтарын көтеру және сабақта бірнеше тапсырма беріп, оқушының таңдауына қою болатын. Қос семинарда да мұғалімдер өз міндеттерін толық орындап, нақты нәтижеге жетті. Әріптестері мен жас мамандарға жақсы сабақ көрсетіп қана қойған жоқ, жақсы бағыт-бағдар бере білді, - дейді аудандық білім бөлімі әдіскері Ж.Анарбаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер