Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектепте онкүндік апталық аясында ашық сабақтар өткізілд

Қазығұрт ауданындағы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында пән апталықтары жалғасын табуда. Кеше «Шебер ұстаз – сапалы сабақ» атты тақырыпта педагог-шебер ұстаздардың онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Тоқмырза Бейбіттің  «Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шебер сынып сабағы өтті.

Screenshot_14.jpg

- Біздің алдымызға қойылып отырған басты мақсат – балалардың білімін арттыру. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда балалардың тәлім-тәрбиесіне, білім деңгейін арттыруға қатысты біраз тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың үдесінен шығу мақсатында өзімнің өткізген сабақта тиімді платформаларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасуды көздедім. Сабақ барысында топтаса, жұптаса бірлескен жұмыс жасалды, қарым-қатынас барысында өз құндылықтарын дамытты. Әдіс-тәсілдер, кері байланыс барысында шәкірттерінің икемділік қабілеттерін арттырып,еңбегін көрсете алды, - дейді пән мұғалімі Тоқмырза Бейбіт.

Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, оқушылардың қызығушылығын оята білген пән мұғалімінің апталық аясында өткізген ашық сабағы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды. 

Сондай-ақ апталық аясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігіне орай бастауыш сынып мұғалімі Мөлдір Құрбанқұлова «Менің ататегім қайдан бастау алады?» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында, Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру және әулет шежіресін құрастыру. Сабақ барысында «Доп тастау» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтады. Тамырын жайған ағашқа ұрпақтар сабақтастығын ретімен орналастырып, жеті атасын жатқа білетін оқушыларды жеке бағалады.

Сондай-ақ сабақ барысында пән мұғалімі түрлі амал-тәсілдерді пайдалана отырып, көгершіннен келген хат арқылы топтық, жеке жұмыстар жүргізіліп оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арттырылды. 

Әріптестері бұл бастауыш сынып мұғалімінің ашық сабағын жоғары бағалап, әділ бағасын берді.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер