Отырар ауданында «Үздік мұғалім – 2023» байқауы мәресіне жетті

Отырар ауданында пән мұғалімдерінің аудан және облыс деңгейінде жеткен жетістіктері аз емес. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің мамандарының айтуынша, жуырда өткен «Үздік мұғалім – 2023» байқауы өткізілген. 

Screenshot_15.jpg

«Пән мұғалімдері арасындағы байқау жыл сайын жоспарлы түрде ұйымдастырылып келеді. Байқауды өткізгендегі негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің  педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады», - дейді әдістемелік кабинеттің мамандары. 

Аудандық байқауға қатысқан мұғалімдер өз тәжірибелері мен біліктіліктерін ортаға сала отырып, шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысында «Үздік мұғалім - 2023» байқауының бас жүлдесіне аудандағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Аийда Жанбатырова ие болды. Аудандық кәсіподақ төрағасы Е.Қасым барлық марапат иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.

- Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым  мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан  қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде. Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз – берік, келешектеріңіз -  кемел болсын дегіміз келеді, - дейді аудандық кәсіподақ төрағасы Е.Қасым. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер