Келес ауданының оқушылары облыстық байқаудан жүлделі оралды

Келес ауданының оқушылары бүгінде түрлі байқауларда топ жарып жүр. Аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Ақмарал Апетованың айтуынша, ауданның жас ғалымдары облыс пен республикалық байқаулар мен оқушылар арасындағы олимпиадаларда топ жарып жүр екен.

Screenshot_41.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. «Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек» деп атап өткен болатын. Бүгінде осы талаптан шығып жүрген аудан мектептерінің білімді оқушылары аудан намысын облыстық байқаулар мен республикалық олимпиадаларда мақтанышпен қорғап жүр. Соның ішінде жуырда Шымкент қаласындағы Жаңа дәуір мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткен болатын. Ол конкурс 19 секция бойынша ұйымдастырылды. Сол конкурсқа ауданнан ұсынылған 16 жұмысың 8-і жүлделі орынға ие болды, - дейді ол.

Оның айтуынша. Аудан мектептерінде білім алып жатқан жас ғалымдар жүлделі 2-ші және 3-ші орындарды иеленген. Атап айтсақ, аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ әдебиеті секциясы бойынша жеке жұмысы 2-орынды иеленген. Ал М.Маметова мен Ө.Жәнібеков атындағы орта мектептер этномәдениет және тарих секциялары бойынша 3-орыннан көрінді. 

- Осы байқауға ауданнан жас ғалымдардың алты бірлескен жоба SUPPORT TIMES проекті бойынша қатысып 5 жобасы жүлделі орынға ие болды. Жеке-жеке тоқталып өтетін болсам, ағылшын тілі секциясы бойынша Ы.Алтынсарин мен №4 Сарыағаш-Дарын мектебінің топтық жұмысы 2-орынға ие болды. Ал химия секциясында да осы қос білім ошағының топтық жұмысы 3-орынды жеңіп алды. Биология секциясы бойынша Ақжар мен Сарыағаш-Дарын мектебінің топтық жұмысы  3-ші, ал физика секциясында да осы мектептердің топтық жұмыстары жүлделі 3-орыннан көрінді. Бұдан бөлек, қолданбалы математика пәні бойынша Саңырау мен Сарыағаш-Дарын мектебінің топтық жұмысы 3-орынға ие болды. Сөйтіп, ауданның абыройын облыста жас ғалымдар өздерінің топтық жоба жұмыстары арқылы танытып, сәтті қорғап шықты, - дейді аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Ақмарал Апетова. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер